Қырғызстан азаматы елден кетуден жалтарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жуалы аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517 б. 4 б. (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Қырғыз Республикасының азаматы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай А. 2023 жылдың қараша айында Жамбыл облысының шекаралас ауылдарының бірінде тұратын туыстарына қонаққа келген. Алайда, Қазақстан Республикасының аумағында болуының рұқсат етілген мерзімі өткеннен кейін кетуден жалтарған. Бұл факті 2024 жылдың сәуір айының басында көші-қон полициясы қызметкерлерімен анықталған.

Сотта А., өзінің кінәсін мойындап, материалдық жағдайының қиындығына байланысты көрсетілген уақытта кете алмағанын айтып көрсетті.

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-б. 4-т. сәйкес, уақытша тұруға рұқсат берген көшіп келушілер Қазақстан Республикасынан оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кетуге міндетті.

Сотта әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп жасаған іс-әрекетіне өкінуі танылды. Сотпен ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

ӘҚБтК-нің 517-б. 4-б. бойынша заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғаны үшін  25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе ҚР әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

Сот қаулысымен А., ӘҚБтК-нің 517 б. 4 б. кінәлі деп танылып, оған 64 мың теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі