Қылмыстық іс медиация тәртібінде өндірісімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  187-бабының 1-бөлігімен (бөтеннің мүлкін ұсақ-түйек жымқыру) айыпталып сотқа берілген С-ға қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды.
25.02.2017 жылы кешке С. Жамбыл станциясының 30-шы теміржолындағы сөрелерінен бағасы 12 885 теңге тұратын 4 дана теміржол аяқ киімдерін жасырын ұрлап, ұсақ-түйек жымқыру жасаған.
Басты сот отырысы барысында  қорғаушы-адвокат К.С.Оразалиевадан сотталушының жәбірленуші жақпен татуласуына және сотталушының келтірілген зиян есесін толтыруына байланысты қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқарту туралы талап-тілек түскен.
Жәбірленушінің өкілі К. келтірілген залалдың толық өтелуіне, ұрланған заттың қайтарылуына байланысты өзі өкілдік ететін мекемеден сотталушыға талаптар жоқтығын айтып, қорғаушының талап-тілегін қолдап, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.
Іске қатысушыларға қылмыстық істі қысқартудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Сотталушы мен жәбірленушінің өкілінің татуласуына байланысты ҚР-ның «Медиация туралы» Заңының негізінде тараптар арасында медиация тәртібімен келісім жасалынған.
Тараз қаласы №2 сотының 11.04.2017 жылғы қаулысымен С.ҚР ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуына және келтірілген зиянның есесінің толтырылуына байланысты оған қатысты қылмыстық іс өндіріспен қысқартылған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі