Қордай аудандық сотында «ҚР судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында судьялар М.Алиманованың, З.Абдикеримовтың, Б.Турлыбаевтың, Б.Байтерековтың, судьялыққа кандидат С.Чарипбекованың қатысуымен «ҚР судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында семинар сабақ  өткізілді.
Қордай аудандық соты төрағасының м.а. М.Алиманова Қазақстанның сот жүйесі бүгінде халықаралық судьялар қауымдастығына игтеграцияыланған, сондықтан жаңа әдеп кодексін судьялар әдебінің халықаралық стандарттарына теңеуге болатындығын атап көрсетті. Оның құрамы кеңейтілген, баптар саны 9-дан 15-ке дейін көбейген.
Судьялық әдеп кодексі жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін жүріс-тұрыстың әдеп қағидаларын белгілейді.
Атап айтқанда, судья өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге, кімнен шыққандығына қарамастан қорқытуға, қысым жасау мен құқықтық емес әсерлерге, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұру қажет. Судья сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге, өзін лайықты, әдепті ұстауға және процеске қатысушылар мен өзге де сот отырысына қатысушы адамдардан сондай қарым-қатынасты талап етуге және сот төрелігінің әділдігі олардың күмәнін туғызбауы үшін шаралар қолдануға тиіс.
Судья қабылдайтын процестік шешімдердің заңдылығы мен негізділігі қандай да бір жария талқылауға немесе оның қызметін қандай да бір бағалауға қарамастан қамтамасыз етілуге тиіс. 
Судьяның кәсіби міндеттерін атқарған кездегі жүріс-тұрысы судьяның адалдығы мен сатылмайтындығы туралы қоғамның сенімділігін қалыптастастырып, нығайтуы тиіс.
Сот төрағасы (алқа төрағасы) ұйымдастырушылық-өкімдік өкілеттіктерді жүзеге асырған кезде судьялардың тәуелсіздігін шектейтін іс-әрекеттерге жол беруге, оларға қысым көрсетуге, сондай-ақ судьялардың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне ықпал ету мақсаты бар  өзге де әкімшілік ықпал ету әдістерін қолдануға құқылы емес.
Сондай-ақ, судьяның тұрмыста және отбасындағы жүріс-тұрысы бойынша шектеулер белгіленген. Судья өз беделі мен отбасы мүшелерінің беделі туралы ойлау керек және қызметтік жағдайын өзінің жеке мүдделеріне, отбасы мүшелерінің және басқа да адамдардың мүдделеріне пайдаланбауы тиіс. Судья өзінің беделіне нұқсан келтіретін жағдайларда бұқаралық іс-шаралар мен өзге де адам көп жиналатын орындардан алыс жүруі тиіс.
Іс-шара соңында М.Алиманова әрбір судья Президентіміздің судьялар алдына қойған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған жан-жақты шараларды қолдануы тиіс екендігін атап айтты.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі