Қордай аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында кезекті «Ашық есік күні» өткізілді.
Аталған іс-шараның аясында Қордай аудандық сотының төрағасы С.Тұрғынбаевтың ашық есік күніне аудан тұрғындары Н.Ажибаева, А.Храмцова, Р.Джахаева және Ф.Сасар неке және отбасылық заңнамасы бойынша, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы және сот актілерінің орындауы жөнінде сұрақтарымен қайырылды.
С.Тұрғынбаев аудан тұрғындарын тыңдап, қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сәйкес түсініктер беріп және қойылған сұрақтарына жауап берді.
Ашық есік күнінің өткізілу мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот әділдігінің қол жетімділігі болып табылады.
                                                                                
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі