Қордай аудандық сотында 2017 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық сотында 2017 жылдың бірінші тоқсанында  атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасының м.а. М.Алиманова, судьялыққа кандидат С.Чарипбекова, сот кеңсесінің кеңсе меңгерушісі К.Алимжанов және «Қордай шамшырағы», «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің тілшілері қатысты.
М.Алиманова өзінің баяндамасында тілшілерге аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың статистикасын мәлімдеді. 2017 жылдың үш айында  аудандық сотпен 54 адамға қатысты 51 қылмыстық іс қаралган, оның ішінде үкім шығару арқылы 32 адамға қатысты 30 іс қаралған, 5 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған, 12 қылмыстық іс прокурорға жолданған,оның ішінде 6 адамға қатысты  іздеу жариялау үшін, 4 адамға қатысты 1 іс ҚР ҚПК-ң 323 бабын бұзу бойынша кемшіліктерді жою үшін және 2 адамға қатысты  ҚР ҚПК-ң 626 бабының 1 бөлігі, 1,2,3 тармақшасының тәртібіне сай жолданған. Бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 49 қылмыстық іс қаралды. Халықаралық конвенцияға  сілтеме жасап 5 қылмыстық іс, оның ішінде халықаралық пактіге сілтеме жасап 3 қылмыстық іс қаралды.
Аталған есеп мерзімінде 446 тұлғаға қатысты 446 әкімшілік  іс қаралған, 1 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 446 әкімшілік іс қаралды.
Сондай-ақ, 2017 жылдың бірінші тоқсанында 256 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 144 шешім, 69 сот бұйрығы шығарылған, 20 азаматтық іс қараусыз қалдырылды, медиация заңнамасы арқылы 15 азаматтық іс, 1 іс бітімгершілік келісімімен аяқталған, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 126 қылмыстық іс қаралды.
Үш айдың  есеп беру аралығында Қордай аудандық сотымен бұқаралық ақпарат құралдарында 19 мақала, сайтта 18 материал жарияланды, 1 баспасөз-мәжілісі, 1 брифинг, 5 дөңгелек үстел, 17 семинарлық сабақ, 3 ашық есік күні өткізілген.
Соңында сот төрағасының м.а. сот жүйесінің деңгейін одан әрі алға ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті. 
Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасының м.а.М.Алиманова БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі