Кооператив пен тұрғын арасындағы дау бітіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотында «С.» тұтынушылар кооперативі (әрі қарай ТК) мен жауапкер К. арасындағы 1 млн. теңгеден астам берешекті өндіру туралы дау бітіммен шешілді.
2020 жылдың қыркүйек айында тараптар арасында 3 жақты сатып алу-сату келісім-шарты жасалған. Оған сәйкес ТК қаражат ұсынып, ал жауапкер 60 ай ішінде ай сайын 43 мың теңгеден астам соманы төлеуге міндеттенген.Алайда, жауапкермен шарт талаптары орындалмауы талап қоюшының берешек сомасын өндіріп алу туралы талабымен сотқа жүгінуіне себеп болған.
Сотта судьямен татуластыру рәсімдерінің артықшылықтарын түсіндіру нәтижесінде, тараптар арасында бітімгершілік келісіммен реттеу туралы шешім қабылданды.
Сотпен бекітілген келісімнің шарттарын сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 645 мың теңге қарыз сомасын бір ай ішінде төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы өз кезегінде талабынан бас тартты.
Іс өндірісімен тоқтатылды. Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енді.
 
Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі