Көлікті басқару куәлігінен айырылған жүргізуші масаң күйде көлік басқарғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу ауданының тұрғыны көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарғаны үшін сотталды  (ҚК 346-б. 2-б.)
Сотпен не анықталды:
2023 жылдың желтоқсан айында  Ж. 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, көлікті қайта алкогольдік масаң күйде басқарып, жәбірленуші К.-ның автокөлігін бүлдіруге алып келген.
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: сотталушының, жәбірленушінің, куәлердың айғақтарымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
 
Тараптардың позициясы:
Прокурор Ж.-ға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші сотталушыға материалдық талаптарының болмауына байланысты, оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы Ж. өзінің кінәсін толық мойындады.
 
Сот шешімі
ҚК-нің 346-б. 2-б. санкциясы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Сотпен жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауы, шын жүректен өкінуі, жас балаларының болуы мен соттылығының болмауы танылды.
Ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.
Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеріп, Ж. өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.  
Үкім заңды күшіне енді.
 
Шу аудандық сотының баспасөз қызметі