Кезекті отбасы сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі аудандық  сотында талап қоюшы Ж.-ның жауапкер Р.-мен  некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот істі алдын ала қарау барысында тараптар дауды екі жаққа пайдалы шартармен аяқтауға келісіп, Р. Ж.-ға сыйластықпен қарайтынын және отбасын сақтап қалу мен асырап-бағуға қажетті шараларды қолға алатынын атап көрсеткен, Ж. болса некені бұзу туралы талап қою арызынан бас тартты.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процесстік кодексінің 277-бабына сәйкес, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келіп және ол сотпен бекітілсе, сот іс бойынша өндірісті тоқтатады.
685 (алты жүз сексен бес) теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі