Әкелікті анықтау туралы арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық соты А.-ның  Н.-ға  әкелікті анықтау туралы туралы талап арызы бойынша қозғалған  азаматтық іс бойынша талапты қанағаттандыру туралы шешімін жариялады.
Сотта анықталғандай, А. Н.-мен  17 жылдай бірге тұрған. Екеуі ақша жинап, той жасап, некеге тұрамыз деп жүрген кезде дүниеге төрт бала келген.  Кәмелетке толмаған балаларды өсіру, киіндіруді ойлап некеге тұру кейінге қала берген. Н. кәмелетке толмаған балаларын күйеуіне тастап, ауылдан кетіп қалған. Н.-мен некеге тұрмағандықтан А. өзінің төрт баланың әкесі екенін  сот арқылы анықтауға мәжбүр болған. А. төрт баланың әкесі екіндігін Н. дауламайды, бірақ заңды түрде оны тіркеуден бас тартады.
Н. соңғы мекен жайы бойынша шақырылғанымен, сотқа келмеді. Соның негізінде сот істі жауапкердің қатысуынсыз қарады.
Сот шешімімен А.-ның талаптары қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшін енген жоқ. 
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі