Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында республика судьяларының кеңейтілген кеңесі өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін, 2017 жылдың 21 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларына  арналған республика судьяларының кеңейтілген кеңесін өткізді.  
Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ Департамент пен оның аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев та өзінің баяндамасын жасап, сот төрелегін жүзеге асыру сапасының жоғарылағанын, судьялардың іс-әрекеттеріне қатысты азаматтардың тарапынан түсетін шағымдардың азаюын, сот жүйесінің имидждік бағдарламасының жақсаруы мен азаматтардың сотқа деген сенімінің артқанын атап өтті. Сонымен қатар Жамбыл облысының қалалық және аудандық соттардың 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы бойынша статистикалық мәліметтерді баяндады.
Қайрат Мами жас төрағаның атқарған жұмысы мен баяндамасын ерекше  атап өтіп, Қазақстан Республикасы  Судьялар Одағының  Жамбыл облыстық филиалы мен Тараз қаласының прокуратурасы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, «Жамбыл облыстық зорлық-зомбылық қауіпі салдарынан қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының облыстық жасөспірімдер үйі» КММ және «Паритет» медиация  және заң  орталығы арасындағы жасалған Меморандумды үлгі ретінде көрсетті.
Іс-шара соңында Қайрат Мами «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» конкурсының жеңімпаздарын атап, 1 - орынды Жамбыл облысы Тараз қаласының №2 сотының судьясы Алтыншаш Корабаева иеленді.
Қазақстандық соттардың кеңейтілген кеңесін тікелей эфир арқылы Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов,  БАҚ-пен өзара үйлестіруші-судья Гульнар Сыздыкова және облыстық соттың судьялары мен мемлекеттік қызметкерлері бақылады.
 
Қайнар:  Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі