Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды талқылау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында судьялар, Шу ауданаралық прокурорының, Жамбыл облысы бойынша Шу аудандық бөлімінің Сот сараптама Институты сарапшыларының, ІІБ-нің қызметкерлері қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы талқыланды.
Судья Е.Ілиясов өз баяндамасында 03.07.2017 жылғы № 84-VI  Заңын қатысушыларға жеткізді, сонымен қатар аталған заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетінін баяндады.
Семинар сабағының соңында қатысушылар  аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі