«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты Рақымшылық жасау туралы» Заңын соттармен қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында   «Рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдану тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы Б.Абуев, Шу ауданаралық прокуратурасының аға прокуроры А.Сейсебаева, Шу ауданы бойынша пробация қызметінің бастығы А.Аскаров және пробация қызметінің инспекторлары қатысты.
Сот төрағасының м.а. Б.Абуев 2016 жылы 13 желтоқсанда Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын, заңды қолданудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар, жазадан босатылатын тұлғалар, қандай жағдайда жазаның өтелмеген мерзімі ауыстырылатындығы, қандай жағдайда қылмыстық істер тоқтатылатындығы және пробациялық бақылауда тұрған шартты жазаға сотталған тұлғалардың түзелу жолына түсуіне мүмкіндік беретіндігі туралы айтып өтті.
Дөңгелек үстел басында қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтар бойынша мәселелер кеңінен талқыланды.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі