Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Күн тәртібінде «ҚР соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау мен қызметтен босату және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 754 Жарлығына сай» судьяларды тағайындау болды.
Алғаш сөз кезегін алып, Жарлық бойынша судьяларды таныстырып, гүл шоқтарын ұсынған облыстық соттың төрағасы М.Ж.Бектұрғанов болды.
ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Қалдыбаев Сәбит Тоғызбайұлы,Таусаров Самат Ибрагимұлы, Тілеубеков Мер-Лен Мыңжанұлы Тараз қаласының №2 сотының судьясы қызметінен босатылып, Тараз қалалық сотының судьялары болып тағайындалды. Осылайша Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне Маликова Айгүл Шарифханқызы, Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Романенко Елена Владимировна тағайындалды. жаңадан тағайындалған судьялардың ант қабылдау рәсімдерін тыңдап, қызметтеріне табыс тіледі.
Сонымен қатар, облыстық соттың беделді судьялары Қожаханова Гүлнар Сейфуллақызы, Тасыбекова Марал Тұрысбекқызы, Рүстембеков Жомарт Қауасұлы, Тоғанбаев Бақытжан Майқыұлының Алматы, Астана қалалық соттарына судья болып тағайындалуымен, облыстық соттардың белсенді мамандары Әйнеков Фархат Әбуғалиұлы Шығыс Қазақстан облысындағы Зырянов аудандық сотына судья болуымен, сол сияқты Ілиясов Ерлан Құрманғалиұлының Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық сотына судья болуымен шын жүректен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Осы Жарлық бойынша Талас аудандық сотының судьясы болып жиырма жылдан астам қызмет еткен Исаев Жапар Әуезбекұлының құрметті демалысқа шығуымен облыстық соттың төрағасы М.Жұбанышұлы мен апелляциялық сот алқасының төрағасы А.Спартакұлы , облыстық соттардың атынан құттықтап, иығына шапан жапты.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі