Қарызды өндіру туралы дау бітіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облысының МАЭС "А." ЖШС-нің жергілікті атқарушы органға 15 млн. теңге қарызды өндіру туралы талабы бойынша іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, талап қоюшы автобуспен жолаушыларды тасымалдаумен айналысады (әрі қарай Автопарк) және оның негізгі міндеті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Жергілікті атқарушы орган жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялайды.

Субсидиялардың уақтылы түспеуіне, сондай-ақ дизель отынына, олардың қосалқы бөлшектері мен жинақтауыштарына бағаның өсуіне байланысты талап қоюшыны шығынға ұшыраған.

Мәселен, 2022 жылы орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес субсидиялау сомасы 100 млн. теңгені құрап, оның 85 млн. теңгесі ғана аударылған. Осылайша талап қоюшының алдындағы  берешек сомасы 15 млн. теңгені құраған.

Сотта тараптар бітімгершілік келісімін ұсына отырып, дауды бейбіт жолмен шешу туралы ортақ шешімге келді.

Сотпен бекітілген келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер 2024 жылдың 31 мамырына дейін талап қоюшыға 15 млн. теңгені аударуға міндеттенді. Ал талап қоюшы өз кезегінде талабынан бас тартты.  

Дауды бітімгершілікпен реттеу тараптарға уақыт пен 450 мың теңге көлемінде төленген мемлекеттік бажды үнемдеуге мүмкіндік берді. 

Ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Жамбыл облысының МАЭС баспасөз қызметі