Қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотында талап қоюшы К.-ның жауапкер Р.-дан 250 000 (екі жүз елу мың) теңге көлеміндегі қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Істі қарау барысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу келісімімен жүгінгін. Келісімнің талаптарына сәйкес жауапкер Р. 250 000 (екі жүз елу мың) теңге қарыз ақшаны талап қоюшы К.-ға 01.11.2017 жылға дейін қайтарып беруге міндеттенеді, ал талап қоюшы талаптан бас тартады.
Соттың ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, азаматтық iс өндiрiстен қысқартылды.
2 500 (екі мың бес жүз) теңге көлеміндегі төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі