Қарыз қайтару туралы дау бітіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында малды сату бойынша қарыз дауы медиациямен шешілді.
Сотпен анықталғандай, 2022 жылдың көктемінде жауапкер Б. талап қоюшы О.-ның 1 690 000 теңгеге бағаланған 26 бас қойын сату үшін қарызға алып, малды сатқаннан кейін айдың аяғына дейін қайтару бойынша қолхат берген. Борышкер қарыздың 130 мың теңгесін ғана беріп, қалған сомасын осы күнге дейін қайтармаған.
Жауапкер түрлі себептермен байланысқа шығудан жалтарып, талап қоюшының сотқа жүгінуден басқа жолы болмаған.
Істі қарау барысында, тараптар әңгімелесу барысында татуластыру рәсіміне қатысуға шақырылып, нәтижесінде бітімгершілік келісімге қол жеткізілді.
Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер 2024 жылдың 20 сәуіріне дейін 560 мың теңгені төлеуге, ал қалған соманы әр айдың 25-ші жұлдызына  100 мың теңгеден төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы өз кезегінде талабынан бас тартты.
Келісім сотпен бекітіліп, іс өндірісімен тоқтатылды. Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.       
 
 
Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі