Екі тұлғаның абайсыздағы өліміне әкеп соқтырған, көлiк құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 5 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Екі тұлғаның абайсыздағы өліміне әкеп соқтырған, көлiк құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 5 жылға сотталды.
Жамбыл  аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) айыпталған Р.Х.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сүйенсек, 13.03.2016  жылы сағат 11.30 шамасында Шымкент қаласының Алматы қаласына қарай бағытындағы тас жолдың Тараз қаласы аумағындағы «Батыс-Қытай-Батыс Еуропа» айналма жолының 509 шақырымында сотталушы Р.Х. басқаруындағы «Камаз-53215-13»  автокөлігімен жол жүру Ережесін бұза отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, жолдың қарама-қарсы қозғалысы жағына шығып, Ж.К. басқаруындағы «Toyota Camry» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасы нәтижесінде «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі Ж.К. мен жолаушы Ж.О. қайтыс болған.
Сот үкімімен Р.Х. Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 345-бабының  4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың осы бөлігімен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны қоныс колониясында өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі