Дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыменталап қоюшы«СЖ» ШҚ жауапкер «ЖҚ» ШҚ-нан 6 402 264 теңге  көлеміндегі  қарыз соммасын өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.
Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар келісімге келіп, дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.
Келісім бойынша жауапкер 2017 жылдың қыркүйек айына  дейін өз үлесінен  5 гектар жерді ҚР Жер кодекс талаптарына сәйкес талап қоюшыға бөліп беруге міндеттенеді.
Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Талап қоюшымен төленген 65 158 теңге мемлекеттік баж  төлем түбіртегі АПК-нің 107 бабының талаптарына сәйкес қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі