Бензинді жүкқұжатсыз тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қордай аудандық соты ӘҚБтК-нің 283-1 б. 5-б. (Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу) бойынша А.-ға қатысты істі қарады.
Сотпен анықталғандай 2024 жылдың ақпанында Қарасу шекара бекетінде Қырғыз Республикасының азаматы А ұсталған, ол Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына дизель отынына арналған бакта 800 литр АИ-92 маркалы бензинді ілеспе жүкқұжптсыз тасымалдаған.
Сотта азамат А. өз кінәсін толық мойындап, мұнай өнімдерін өз қажеттіліктері үшін тасымалдағанын түсіндірді.
ӘҚБтК-нің 283-1 бабы 5 бөлігінің санкциясымен жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлеуге әкеп соғады.
Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 283-1 б. 5-б. кінәлі деп танылып және оған әкімшілік құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылатын яғни бензин тәркіленіп, 73мың теңгеден астам соммада айыппұл тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді
 
 
 
Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі