Байзақ аудандық соты «Процестік келісім жасауда туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық сотында «Процестік келісім жасауда туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстел» жұмысына соттың судьясы Е.Аккулиев, Байзақ ауданы прокурорының көмекшісі Д.Сатыбалдиев, Байзақ АІІД тергеушісі Ә.Қорабаев және сот қызметкерлері қатысты.
Судья Е.Аккулиев өз сөзінде процестік келісім институты немесе сот төрелігінің мәмілесі жаңа Қылмыстық процестік кодексінің қолданысқа енгізілуімен 2015 жылы қолданысқа енгендігін атап өтті. Оны қолданысқа енгізуде заңның талаптарына сай көптеген туындаған сұрақтарға жауаптар талап етілген. «Дөңгелек үстелдің» өзектілігі бірыңғай сот практикасын құру, процестік келісім жасаудың бірыңғай жолдары, жәбірленуші мен күдіктінің бұзылған құқықтарын алдын алу қажеттілігі болды. Сонымен қатар, процестік келісім тиімді және заманауи болып табылатындығы аталып өтті.
- «Процестік келісім жасаудың мүмкіндіктерін сотталушыларға, күдіктілерге, жәбірленушілерге түсіндіру арқылы көрсеткішті арттыру, прокурорлармен жұмыстар жасауды күшейту, адвокатура мен сотқа дейінгі тергеу органдарының әріптестері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет» - деп атап өтті судья Е.Аккулиев.
«Дөңгелек үстел» барысында келісімдік іс жүргізуде қаралатын қылмыстық істер бойынша өзекті мәселелер, процестік келісімді жасау кезінде қорғау, тергеу органы тарапынан туындайтын мәселелер тыңдалып, талқыланды. Сонымен қатар «Дөңгелек үстел» соңында  қатысушылар процестік келісім жасауға қатысты сұрақтарды талқылады.
                                                                           
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі