Байзақ аудандық соты Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Заңнаманы талқылауға аудандық сотының судьясы А.Назаркулов, Байзақ аудандық әкімшілігінің, «Сарыкемер» және «Бәйтерек» ауылдық округтерінің өкілдері қатысты.
 Іс-шараның өзектілігі оның жоғары рөлімен құқықтық маңыздылығы және сот саласында азаматтардың мүдделері мен құқықтарын заңды түрде қорғауға байланысты.
А.Назаркулов өзінің баяндамасында тақырып бойынша өзекті мәселелер мен азаматтық процестік кодексіне жаңадан енгізілген өзгерістерге, әсіресе осы кодекстің 165-баптың 1)тармақшасына тоқталып, яғни судья талап арызды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жібереді не ұсынады, сондай-ақ дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейтіні жайлы айтып өтті.
«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Қатысушылар азаматтардың мүдделері мен құқықтарының заңды қорғалуының мінсіздігінің кепілі сот және сот жүйесі болып табылатындығы жайлы ортақ пікірге келді.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі