Банктік шарт бойынша қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Тараз қалалық сотында талап қоюшы «Арнайы қаржы орталығы «Finance»"ЖШС-гі жауапкер Т-дан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу арқылы қаралды. Өз талап арызында талап қоюшы «Арнайы қаржы орталығы «Finance» ЖШС мен жауапкер арасында 14.12.2007 жылы кредит беру туралы келісім шарт жасалған. Кредит шеңберінде талап қоюшы жауапкерге 336038 теңге қарыз ақшаны мерзімі 30 айға берген. Алайда, жауапкер банктік қарыз шарты бойынша өзіне алған міндеттеме бұзған. Жауапкердің қарызы 306155 теңге құрайды.
12.01.2017 жылғы сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Талап қоюшы «Арнайы қаржы орталығы «Finance» ЖШС-тің пайдасына жауапкер Т.-дан 432 248 теңге қарыз сомасы, 12967 теңге көлемінде мемлекеттік баж, барлығы 445 215 теңге өндірілді.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі.