Банктік дау медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында, ашық сот мәжілісінде, талап қоюшы «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкер А.Ж-ға несие қарыз өндіру туралы азаматтық  ісі қаралды.
Сот отырысы барысында, тараптар, дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген.
Судья, тараптарды тыңдап, аталған медиация келісімі заңға қайшы келмейтіндіктен, және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбағандықтан, оны бекіту жөн деген тұжырымға келген.
Сот жоғарыдағы азаматтық іс бойынша жауапкер А.Ж. талап қоюшы «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның несие қарыз ақшасы 438 598 (төрт жүз отыз сегіз мың бес жүз тоқсан сегіз) теңгені ай-сайын 40 000 (қырық мың) теңгеден 30.01.2018 жылға дейін төлеуге міндеттенгендіктен, дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітті.
Азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.         
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі