Айлық-жалақыны өндіру туралы дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотында талап қоюшы Ю.И-ң жауапкерлер «Камкор» ЖШС, «Ю.А» ШҚ,  «Ю.А.А.» ЖК-не айлық-жалақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Істі қарау барысында, тараптар  дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтау туралы өтініш білдірді.
Партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары  бойынша: жауапкерлер талап қоюшының меншігіне техникалық жағдайы жақсы «КАМАЗ 55111»  маркалы автокөлігін  және  ақшалай сома 300 000 тенгені 2017 жылдың 13 сәуіріне дейін беруге міндеттенеді, ал талап қоюшы Ю.И.  жауапкерлерден техникалық жағдайы жақсы «КАМАЗ 55111» маркалы автокөлігін меншігіне қабылдап , 300 000 теңге  ақшалай соманы алуға және  3 365 000 теңге айлық-жалақыны өндіру туралы талаптарынан бас тартады.
Тараптарға Қазақстан Республикасының АПК-нің 278-бабының 2-бөлігіне сәйкес, іс жүргізуді қысқартудың тәртібі мен салдары түсіндірілді.
Сот дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім заң талаптарына қайшы келмейтінін, тараптардың өз еріктерімен  жасалғанын, сонымен қатар басқа тұлғалардың  құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбайтынын ескеріп, келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірісімен тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі