Автокөлік тізгінін алкогольдік мас күйінде басқарғаны үшін жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі аудандық сотында Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 346 бабы 1 бөлімімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпталған азамат Х.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, азамат Х. ағымдағы жылдың маусым айында аудандық соттың қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда ол, оған қарамастан Меркі аулының көшелерімен алкогольді мас күйінде автокөлік тізгінін басқаруды жалғастырған.
Сот, жасалған қылмыстық теріс қылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, оған 150 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындап, 3 жылға дейін мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырған.
 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі