«Ауыл-береке» базарында жарылыс жасауды көздеген айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Бүгін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ауыл-береке» базарында жарылыс жасауды көздеген айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
Сотталушылар Қазақстан Республикасының ҚК-нің бірнеше баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот алдында жауап берді.
   Сабыржан Жунискадыров ҚР ҚК-нің 233-2-бабының 1,2-бөліктерімен (террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террористік топ), оған басшылық ету, террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу), 233-бабының 1-бөлігімен (жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттерін осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру), 28-бабының 3-бөлігімен 242-бабымен (дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау),  Жақсылық Оспанқұлов ҚР ҚК-нің 233-2-бабының 2-бөлігімен (террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін террористік топтың қызметіне және ол жасаған терроризм актісіне қатысқан), 233-бабының 1-бөлігімен (жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттерін осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру), 28-бабының 5-бөлігімен 242-бабымен (дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлауды жасауға көмектескен),
Ержан Шахбатыров ҚР ҚК-нің 233-2-бабының 2-бөлігімен (террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу), 233-бабының 1-бөлігімен(жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттерін осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру), 242-бабымен (дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған )
 Мұрат Қожабаев ҚР ҚК-нің 233-2-бабының 2-бөлігімен(террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу), 233-бабының 1-бөлігімен(жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттерін осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру), 28-бабының 5-бөлігімен, 242-бабымен (дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған)
   Нұрлан Утегенов ҚР ҚК-нің 233-2-бабының 2-бөлігімен(террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу), 233-бабының 1-бөлігімен(жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттерін осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру) айыптар тағылған.
    Қылмыстық іс барысында 8 сот талқылауы өткізілді. Қазіргі таңда сотпен айыпталушылар, жәбірленушілердің өкілдері, 20 куә, келмеген куәлердің сөздері зерделенген.
   Қылмыстық істі қарау барысында және соңғы сөзінде сотталушылар кінәларын ішінара мойындап, айыптау актісінде көрсетілген іс әрекеттерді тек «Ауыл-береке» базарының жұмысын босаңдату және осы базардың тұтынушыларын жаңа құрылған орталық базарға тарту үшін жасағандықтарын көрсеткен. Террористік топ құрмағанын және террористік іс-әрекеттерді жасау ниеті болмағанын көрсетті.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Сабыржан Жунискадыров ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен, 28 бап 3 бөлігі -242 бабымен 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылып, жазаны өтеу түзеу колониясының жалпы режимі тағайындалды.
    Жақсылық Оспанқұлов ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен, 28 бап 5 бөлігі -242 бабымен 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылып, жазаны өтеу түзеу колониясының жалпы режимі тағайындалды. Ержан Шахбатыров ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен, 28 бап 5 бөлігі -242 бабымен 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылып, жазаны өтеу түзеу колониясының жалпы режимі тағайындалды. Мұрат Қожабаев ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен, 28 бап 5 бөлігі -242 бабымен 4 жыл 3 ай бас бостандығынан айырылып, жазаны өтеу түзеу колониясының жалпы режимі тағайындалды. Нурлан Утегенов  ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен, 28 бап 5 бөлігі -242 бабымен 4 жыл 3 ай бас бостандығынан айырылып, жазаны өтеу түзеу колониясының жалпы режимі тағайындалды.
     Үкім заңды күшіне енген жоқ.
     Сот үкімін жариялағаннан кейін судья аса ауыр қылмыс құрамы  болмағанын айтып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Олардың іс-әрекеттері қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған. Осыған сәйкес,  судья сотталушылардың іс-әрекетін ҚР ҚК-нің 233-2, 233бабының 1,2 бөлігін, 257 баптың 3 бөлігіне қайта квалификациялады. Сондай-ақ сотталушылардың ҚР Қк-нің 242 бабы бойынша кінәларын анықтады.
 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі