Атыс қаруын қолданып қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеген тұлғаға қатысты үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық соты, азамат М.-қа қатысты, ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігі 2 тармақтары (Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу, азаматтарға күш қолданумен атыс қаруын қолдану) бойынша қылмыстық істі қарады.
Іс материалдары бойынша, 30.08.2016 жылы түнгі сағат 20:00 шамасында, жәбірленуші Н.-ов өзінің досымен тойдан шығып екеуі мас күйінде, Б.Момышұлы ауылында орналасқан «НұрАйГүл» атты азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс атқарған сотталушы М.-тан 2 шөлмек сыра сусынын қарызға сұраған. Оның сұранысына сотталушы М.-ев жәбірленушінің мас болғандықтан және оның басқада қарыздары болғандықтан сыра беруден бас тартқан соң олардың арасында ерегіс басталып, сотталушы жәбірленушіні оның досымен бірге дүкеннен шығарып жіберген. Жәбірленуші сотталушымен ерегісіп тоқтатпаған соң, сотталушы өзі бірінші болып бір екі рет оны ұрып жіберген. Өзінің қылмысын қасақана жалғастыру мақсатында үйдегі сейфтің құлпын бұзу арқылы өзінің әкесіне тиесілі мылтықтың екі ауыздық «ТОЗ -34Р» 12 калибірлі аңшы мылтығын алып, далаға шығып жәбірленушіге бағыттап мылтықпен жерге бір мәрте атып жіберген, нәтижесінде жәбірленушінің сол жақ асты мен сол жақ  астыңғы қабырғасының кіндік тұсына пытыралар тиіп, жеңіл дене жарақатын салған.    
Сот мәжілісінде, сотталушы М.-ев өзінің кінәсін толық мойындап, аталған іс әрекетіне өкінетіндігін айтты.
Сотталушыға жаза тағайындағанда сот жазасын жеңілдететін мән-жайларды назарға алды.
Сот үкімімен  сотталушы М.-ев, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3 бөлігі 2 тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі