Ардагерлер әрқашан көңілімізде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
      Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқар Смайлов, ҚР судьялар Одағының Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Гүлмира Егембердиева, облыстық соттың  Кеңсе басшысы Әбдіжәми Құлдүйсенов Ұлы Отан соғысы ардагерлері Насреддин Хамзаев және Мұқан Бұжықовтың шаңырақтарына барды.
    Жамбыл облыстық сотының төрағасы сот қауымдастығының атынан соғыс және облыстық сот жүйесіндегі ардагерлерді алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, әр қарт майдангердің қолына гүл мен бағалы сыйлықтан тапсырды.
     Ардагерлер де қонақтарына қандай үлкен күшпен фашист басқыншыларын жеңгендері туралы айтып берді.
      Кездесу соңында қажырлы ардагерлер облыстық соттың басшыларын мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі