Анасын балағаттағаны үшін 10 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық соты М.-ға  қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 2 бөлігімен қозғалған әкімшілік ісін қарады.
М.  Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотының 15.07.2016 жылғы қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жазаға тартыла отырып, 28.03.2017 жылы 22 сағат 30 шамасында мас күйінде Мойынқұм ауылы, Абай көшесі, №9 үйде бірге тұратын анасы Ш-ның ар-намысына тиетін сөздер айтып, ұрыс шығарып, мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекет жасаған.
 Сот мәжілісінде М. кінәсін мойындады, жәбірленуші Ш.  баласы М-ді кешірмеді.
Сот қаулысымен М. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,    10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза  тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
 
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі