Адам өлтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату), айыпталып сотқа берілген Г.М-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, 02 ақпан 2017 жылы, сотталушы Г.М. жазғы ас үй бөлмесінде өзінің қызы жәбірленуші И.А.-мен бірге спирттік ішімдігін ішкен. Ішімдік ішу барысында екеуінің арасында тұрмыстық келіспеушіліктің салдарынан жанжал туындаған. Нәтижесінде сотталушы Г.М. жәбірленуші И.А-ны құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату мақсатында үстел үстіндегі ас үй пышағымен қаруланған және жәбірленуші И.А-ны кеуде қуысының сол жақ тұсынан бір рет жарақат келтірген.
Кеуде қуысының сол жақ тұсынан алған шаншып-кесіліп кіру түріндегі дене жарақатының салдарынан жәбірленуші И.А. оқиға болған жерде қайтыс болған.
Соттың үкімімен Г.М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 9 (тоғыз) жыл бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.       
 
 Қайнар: Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі