44 млн. теңгеден астам қарызды өндіру туралы дау медиациямен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қордай аудандық сотында 44 млн. теңгеден астам сомадағы қарызды өндіру туралы дау медиациямен реттелді.

Сотпен анықталғандай, 2023 жылдың сәуірінде талап қоюшы С. пен жауапкер О. арасында нотариуспен куәландырылған қарыз келісім-шарты жасалған. Шартқа сәйкес, талап қоюшы қарыз беруге, ал жауапкер 2023 жылдың соңына дейін жер учаскесі бар тұрғын үйді кепілге қойып, қарызды өтеуге міндеттелген.

Алайда, шарт талаптарының орындалмауы С.-ның қарызды өндіріп алу, мүлік пен шоттарға тыйым салу туралы талап арызымен сотқа жүгінуіне себеп болған.

Сот талқылауы барысында cудья татуластыру рәсімдерінің артықшылықтарын түсіндіріп, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы шешім қабылдады.

Сотпен бекітілген келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер 2024 жылдың сәуір айының соңына дейін 47 млн. теңгеден астам қарызды талап қоюшыға төлеуге  міндеттенді, ал талап қоюшы өз кезегінде талапбынан бас тартты. Іс өндірісімен тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ

 

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі