2017 жылдың 27 шілдесінде Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев облыс тұрғындарымен кезекті онлайн-конференциясын өткізеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
2017 жылдың 27 шілдесінде сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Алшынбаев облыс тұрғындарымен кезекті онлайн-конференциясын өткізеді. Осыған байланысты Жамбыл облысының әр-бір тұрғыны Жамбыл облыстық сотының ресми сайтына кіріп zhmb.sud.kz, ары қарай  «төраға блогындағы» «сұрақ-жауап» платформасына соттар жұмысына, сот өндірісіндегі істерге қатысты қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндігі бар.
Түскен сұрақтар Р.Алшынбаевтың жеке бақылауына алынып, тез арада жауаптар берілді, онлайн-диалогтың қатысушылары қойған сұрақтарына толық жауаптар алды.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен онлайн-кездесулерді тұрақты түрде әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізіп отырады.
                                             
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі