11 адамның өліміне кінәлі автобус жүргізушісі 5 жылға сотталып бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Т. ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуы) айыпталды.
2019 жылғы 20 сәуірде  сағат 05.00 шамасында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолында «Тойота-Камри» маркілі автокөліктің жүргізушісі «Мерседес-Бенц 814» маркілі автокөлікпен соқтығысқан. Осыдан кейін «Тойота-Камри»  жол қауіпсіздігінің темір қоршауына соғылған.
Сол бағытта жүріп келе жатқан «Wan hool» автобусының жүргізушісі Т. Жол қозғалысы ережелерінің 10,1 тармағының талаптарын бұза отырып, басқа да жол қозғалысы қатысушыларына қатысты қауіпсіздік шараларын сақтамай, «Тойота-Камри» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Т. көлік құралының рөлін игере алмай, көлік аударылған.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде автобустың 11 жолаушысы қайтыс болып, екі жолаушы ауыр дене жарақаттарын және сегіз адам орташа дене жарақаттарын алды.
Қордай аудандық соты Т. - ға қатысты қылмыстық істі қарап, оған тағылған айыптар бойынша келесі негіздермен кінәлі деп тапты:
Т. өз кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкінішін білдірді. Сот сотталушының шынайы өкінгенін, тұрғылықты жері бойынша жақсы мінездемесі бар болғанын, бұрын сотталмағандығын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқыза отырып, сондай-ақ оның іс-әрекетін ауырлататын мән-жайлардың болмауын есепке алды.
ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзiмiнiң нeмece мөлшерiнiң ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – жартысынан асыруға болмайды.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігінің санкциясымен белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Сот  Т. 5 жылға бас бостандығынан айырып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындады. Одан Жәбірленушілерге өтемақы қорына 15 АЕК міндетті төлем өндіріліп алынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
    
Қайнар: Қордай аудандық сотының баспасөз-қызметі