Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрімұлы Алшынбаевтың Қазахстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен құттықтауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Құрметті судьялар, сот жүйесінің қызметкерлері және Жамбыл облысының тұрғындары!
Сіздерді Қазахстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен құттықтаймын.
2016 жыл – бұл әрбір қазақстандықтың өміріндегі ерекше кезеңді бейнелейтін жыл. 25 жыл бұрын Қазахстан бүкіл әлемге өзінің Тәуелсіздігін паш етті. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.
Бірлігіміз, ұйымшылдығымыз және рухымызбен экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткіздік. Қазахстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасында белгіленген жаңа мемлекеттік деңгейге қол жеткізді. Басты мақсат – Қазахстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазахстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», деген болатын.
Алда қазақ халқын бұдан да биік белестер күтіп тұр. Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Өркендеу, тұрақтылық пен ашық аспан тілеймін!
Шын жүректен құттықтауымды білдіріп, Сіздерге барлық игіліктерді, денсаулық, бақыт, табыстар, бейбітшілік және отбасыларыңызға тыныштық тілеймін.