Жамбыл облыстық сотының төрағасы Алшынбаев Рүстем Мырзакәрімұлымен қараша айында аймақ тұрғындарымен онлайн-конференциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Интернет-конференцияның өткізетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына жарияланып, жергілікті телеарнаның эфирінен хабарланды, Facebook порталы арқылы да жарияланды.
Берілген мүмкіндікпен Жамбыл облысының азаматтарымен және заңды тұлғалары қолданды. ЭЦҚ-ның жоқтығы төрағаның бастамашылығымен ұйымдастырылған іс-шарағы қатысуға бөгет бола алмады, себебі осы күні сағат 09.00 ден 13.00 ге дейін соттың электрондық поштасы oblsot.pressa@mail.ru үздіксіз жұмыс атқарып тұрды.
Өткізілген конференцияның қорытындысы бойынша облыс тұрғындарынан 19 сұрақтар келіп түсті. Тұрғындарды соттылығын алып тастаудың тәртібі және мерзімдері, ата-ана құқығынан айыру, медиация институтының оң нәтижелері, атқару парағын жоғалтып алған жағдайдағы, көшірмесін алу тәртібі, соттағы өкілдік және егер ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса, сот отырысына өкілдің рұқсат заңдылығы, қолхат бойынша қарызды өндіру, заңдық фактіні белгілеу арызын берудегі мемлекеттік бажды төлеу, жәбірленушінің шығындарын өтеу, сот үкімі бойынша тағайындалған қосымша жаза түрлерінің алынуы, азаматтық тәртіптегі қылмыстық іс бойынша моральдық зиянды төлету, «Сот кабинеті» жүйесінің қызметі, жазаның кейінге қалдырылуы, сомманы төлету, сот шешімі орындалуының кейінге қалдырылуы және ұзартылуы, сот актісінің ұзақ орындалу себептері жайындағы сұрақтар қызықтырды.
Түскен сұрақтар Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Алшынбаевтың жеке бақылауына алынып, тез жауаптар берілді: онлайн-диалогтың қатысушылары қойған сұрақтарына толық жауаптар алды.
Облыстық соттың төрағасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыс тұрғындарымен онлайн-кездесулерді тұрақты түрде әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізіп отырады.