«Заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында қадамымыз қарышты болсын» Тараз қаласының № 2 сотының судьясы Қ. Ариповтың мақаласы № 25 21.08.2015 ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

         Елімізді дамыған отыз елдің қатарына қосатын Елбасы Н. Назарбаев жолдаған «100 нақты қадам» реформасының қай бағыты болмасын ұлттың өсіп-өркендеуіне үлкен серпін бермек. Елбасы «Нұр Отан» партиясынң кезекті XVI съезінде «Жаңағы 100 нақты қадам дегеннің ішінде барлығы жасалған . Әр салада 20 қадамнан болғанда, 100 қадам болады. Сондықтан, бас қатырудың керегі жоқ. Бірақ та өздерің шығармашылық жағынан қарап әрі қарай дамытсандар жұмыс болады. Жұмыс онай емес. Бұрын-соңы жасалмаған, халықтың биліктің психологиясын өзгертейік деп отырмыз» деген болатын.

         Шынында, қай сала болмасын үлкен күшті қажет етері анық. Әсіресе, құқық қорғау органдарынң алдына қойған заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселесі. Ағымдағы жылдан бері сот жүйесінде үлкен реформалар жүргізуліде. Ұлт көшбасшысы жолдаған 100 қадамның жиырма екінші қадамында сот саласы реформалары жайында нақты бағдарлар айтылған. Биылғы жылдың сот жүйесіндегі негізгі жаңалығының бірі – 1 қаңтардан бастап қолданысқа еңгізілген еліміздің жаңа Қылмыстық процестік заңнамасында алғаш рет «тергеу судьясы» ұғымының еңгізілуі.

         Яғни, адамның және азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету керек делінген.

         Тергеу судьясы қылмыстық істі жүргізудегі жаңа субъекті ретінде  істі сотқа дейн жұргізу барысында азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

         Қылмыстық-процесстіккодекске сәйкес, тергеу судьясы сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы.

         Соынмен қатар, тергеу судьясынң құзыретіне Қылмыстық-процестік кодекстің 55-баьының 2 бөлігіне сәйкес қосымша өкілеттіктер берілген. Қазіргі таңда тергеу судьялары 8 әрекетке санкция бере алатынболса, болашаққа мұндай санкциялардың қатары қарауға, тінтуге, жеке тінту жүргізуге, алуға берілетін санкциялармен толығады деп күтілуде.

 

Қуаныш АРИПОВ, Тараз қаласының № 2 сотының судьясы