«Судьялықтан үміткер жандардың жас мөлшерін көтерген дұрыс» Байзақ аудандық сотының судьясы А. Назарқұловтың «Заң газеті» газетіндегі шыққан мақаласы, № 119, 13.08.2015 ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Еліміздегі судьялыққа үміткерлер саны өте жоғары көрсеткішті көрсетеді. Әрине, қазы болу оңай емес. Ол үшін үміткерлер барынша қатаң таңдау, іріктеуден, бірнеше сатылы сүзгіден өтеді.

Ата Заңымыздың 79-бабы 3 тармағында: «Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады» деп нақты көрсетілген. Осыған байланысты судьялардан және жұртшылық тарапынан осы бапқа өзгеріс еңгізіп, төменгі жас мөлшерін 30-ға көтеру керек деген ұсыныс талайдан бері айтылып келеді. Таяуда жария етілген Елбасымыз Н. Назарбаевтың Ұлт жоспарында да бұл мәселе ескерусіз қалмаған.

Ұлт жоспарының «Заңнын үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын екінші бағыты бойынша 11 қадамы сот жүйесі реформалауға бағытталған. Яғни, Елбасының жоспарланған шараларында сот беделі – мемлекет беделі екендігіне айрықша назар аударылған. Мысалы, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, судьялардың есеп беру тәәртібін күшейту, оларға қатысты жаңа Этикалық кодексті қолданысқа еңгізу, азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғаорғы Сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымданудың қамтамасыз ету мәселесі де назарға алынып отыр. Сонымен қатар, барлық сот процесстерін дыбыс-бейнетаспаларына жазу арқылы өткізу тәжірибеге енгізілді.

Міне, судьялықтан үміткерлерді іріктеу кезіндегі талаптар олардың өз қызметтеріне кіріскен кезде жауапкершіліктерін жоғарлатуға көптен-көп септігін тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар, бұл жайт қызмет баьындағы судьялардың да біліктілігін тұрақты тұрде арттырып отыруын қамтамасыз ететін болады.