Шу аудандық сотында баспасөз конференциясі өтті// Пресс-релиз 04.09.2015 ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Шу аудандық сотының судьясы баспасөз мәслихатын өткізді

 

Шу аудандық сотының судьясы Г. Булегенова сот процесіне қатысушылармен  сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын, қолжетімділігін жеңілдетуге арналған баспасөз маслихатын өткізді. Оған Шу аудандық «Шу өңірінің» тілшісі Е.Стецюра қатысты.

         Баспасөз маслихатында Г.Булегенова тілшіге бүгінде соттардың ашықтығы мен жариялылығына аса маңыз беріледі. Бұл мәселеде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үлкен көмегі тиіп отырғанын, соттардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған “Сот шақыруы”, “Сот кабинеті”, “Гибридті электронды пошта”, “Сот құжаттарымен танысу” қызметтері іске қосылған. Осы электронды қызметтер арқылы қосымша жедел ақпарат алу мүмкіндігі пайда болғанын айтты.

Қазіргі уақытта сот жүйесінің қызметіне сот органдарының “ТӨРЕЛІК” ақпараттық-сараптамалық құжат алмасу жүйесі қатар енгізілу үстінде. Бұл жүйенің артықшылығы – оның басқа мемлекеттік органдармен біріге отырып, ақпарат алмасуға, ақпарат алу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік жасайтындығы. Тіркеудің барлық түрі онлайн режімінде көрініс табады. Жоғарғы Соттың, облыстық және оған теңестірілген соттардың атқарған жұмысы, соның ішінде сот төрелігінің нәтижелері көрініс табатын сайттар белсенді жұмыс істейді, солар арқылы соттардың қызметі жайлы білгісі келетіндердің сұрақтарына толық жауап берілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында судья БАҚ өкілінің барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі