Мемлекеттік баж салығын төлеу бойынша түбіртекті толтыру үшін деректемелер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
МЕМЛЕКЕТТIК БАЖДЫҢ СОТТАРДАҒЫ 2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СТАВКАЛАРЫ
1 АЕК /айлық есептік көрсеткіш/ -  2917 теңге
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы  кодексіне сәйкес
(Салық кодексі)
610-бап. Мемлекеттік баждың соттардағы мөлшерлемелері
   

  610-бап. Соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

     

1. Сотқа берiлетiн талап қою арыздарынан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлеме алынады:

      1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап қою арыздарынан:

      жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы;

      заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы;

      2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 0,3 АЕК;

      3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 5 АЕК;

      4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:

      дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшер;

      заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшер;

      5) некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан – 0,3 АЕК.

      Неке бұзылған кезде мүлiк бөлінген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасынан айқындалады;

      6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап қою арыздарынан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;

      7) тұрғынжайды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, мүлiктi тыйым салудан босату туралы талап қою арыздарынан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК;

      8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан) – 0,5 АЕК;

      9) төрелік шешiмдерінiң күшін жою туралы өтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған соманы негізге ала отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің – 50 пайызы;

      10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемелерінің 50 пайызы;

      11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 5 АЕК;

      12) сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн (телнұсқаларын), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiмi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК;

      13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,5 АЕК;

      14) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 1 пайызы;

      15) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 3 пайызы.

      2. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж осындай даулар бойынша талап қою арызы (арыз) берілген кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.

      3. Бір мезгілде мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптарды қамтитын талап қою арыздары үшiн мүлiктiк сипаттағы талап қою арыздары үшін және мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздары үшін белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

 
      2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.
Бенефициар: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»
БСН: 090440007304
Банкi: «ҚР Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық Комитетi»
БСК: KKMFKZ2A
ЖСК: KZ24070105KSN0000000
КБе: 11
Салық органның коды: 2115
ТТК: 911
БКК    102126                     
108125 «Республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік бажға» мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж кіреді және ол 100% республикалық бюджетке түседі.
108126 «Жергілікті бюджетке түсетін мемлекеттік бажға» мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баждан басқа сотқа берiлетiн қуыным арыздардан, ерекше қуыныммен іс жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарды беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқарушылық парақтардың және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж және ол 100% жергілікті бюджетке түседі.
206108 Мұнай секторы ұйымдарының түсірілімдерін қоспағанда, республикалық бюджетке аударылатын басқада салықтық емес түсірілімдер.
204142  Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарды қоспағанда, сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi, салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар.
204165  Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар
Бюджетке есептеуге арналған МКБ коды
Бенефициар БСН
Бенефициар атауы
2115
090440007304
Тараз қаласы бойынша МКД
2109
961040000685
Байзақ ауданы бойынша МКБ
2102
910940000091
Жамбыл ауданы бойынша МКБ
2311
910940000081
Жуалы ауданы бойынша МКБ
2104
990740001453
Қордай ауданы бойынша МКБ
2106
960540000294
Меркі ауданы бойынша МКБ
2107
900740000062
Мойынқұм ауданы бойынша МКБ
2108
960540000303
Сарысу ауданы бойынша МКБ
2110
990640001380
Талас ауданы бойынша МКБ
2105
930640000331
Т. Рысқұлов ауданы бойынша МКБ
2111
960140000468
Шу ауданы бойынша МКБ
 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына кассациялық өтінішхаттарды, АПК 28 бабына сәйкес талап-арыздарды (өтініштерді) беру кезінде мемлекеттік баж төлеу деректемелері
Бенефициар: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі
БСН:                         081240013779
ЖСК:                        KZ24070105KSN0000000
Бенефициар банкі:    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті ММ
БСК:                         KKMFKZ2A
Салық органның коды:    6205
БКК                          
108125 – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына мемлекеттік мекемелерге қатысты берілетін талап-арыздардан алынатын мемлекеттік баж (АПК 28 бабының 2) тармақшасы)
108126 – Мемлекеттік мекемелерге қатысты берілетін талап-арыздардан басқа Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін талап-арыздардан (АПК 28 бабының 2) тармақшасы), ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан (АПК 28 бабының 1) тармақшасы), кассациялық тәртіппен сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттардан, сот актілерін қайтадан беру туралы арыздардан және басқада құжаттардан алынатын мемлекеттік баж
206108 - Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер
ТТК 911