«Мақсат – айқын, міндет – зор» «Арстан» газетіндегі судья Е. Дүйсенбаетың мақаласы 14.08.2015 жылғы № 24

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

«100 нақты қадам»: Бес халықтық реформа – Ұлт жоспары

Елбасы Н. Назарбаев айқындап берген бес халықтық реформаның екіншісі заңның үстемдігі мен меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Бұл орйда Елбасы «Бүгінде сот жүйесінің әлсіз буыны – судьяларды іріктеу, тиімсіздігі, судьялар корпусының жмқорлыққа баруы. Бізде заңгерлер, тіпті, сот процесстеріне қатысу тәжірибесінсіз ақ судья бола алады. Бұл кейде судьялар корпусында біліктілігі төмен мамандардың пайда болуына әкеліпсоғады. Судьялар тарс жабық корпорация болмауға, судьялар қатарындағы жемқорлықтың емі болып табылатын қоғамдық сыннан тыс қалмауға тиіс» деп атап көрсете отырып, сот жүйесіне жаңа міндеттер қойды. Президент судьяларға біліктілік талаптарын қатайту керектігін тапсырды. «Судьялар корпусындағы орыннан үміткер нотариусте, ІІМ-де, полицияда немесе заңгерлер дайындайтын ЖОО-да емес, кемінде 5 жыл сот жүйесінде істеген жұмыс өтіліне ие болуы тиіс. Кандидаттар жұмысынан босатылған негізде және бір жылдан кем емес мерзімде соттардағы сот тағылымдамасы үшін шарт ретінде қатаң тестілік іріктеуден өтуі тиіс. Кез келген жоғары тұрған судья төмен деңгейдегі соттарда жұмыс істеуден өтуге тиіс Сондай-ақ,, жұмысын енді бастаған судьялар үшін кем дегенде бір жыл сынақ мерзімін еңгізген маңызды, ол одан табысты өткеннен кейін тұрақты судьялыққа тағайындала алады деді Президент Н. Назарбаев.

         Заңдар азаматтық қоғамдағы басты құндылықтарды қалыптастырушы бірден-бір абсолютті маңызды сипатқа ие күш болуы тиіс. Осы екінші реформаның мазмұнына сот жүйесін жетілдіру, полицияның қоғамның сеніміне ие болатындай дәрежеде жұмыс жасауына қол жеткізу елдің әділ заңға деген сенімін арттыру енеді. Мұның ең басты артықшылығы леуметтік әділетсіздіктерге жол бермеу екендігін айтып өткім келеді. Демократиялық қоғамдағы ең басты құндылық адамның құқық сақшылары. Сондықтан да бұл реформаны еліміздің әрбір азаматына берері мол.

         Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Президент жанынан Ұлттық жаңғырту жөніндегі комиссия құрылып, іске кірісіп кетті. Бес халықтық реформаны кеңінен тарқатып көрсеткен 100 қадам айқындалды. Айту керек, сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі тиімді ісқимылға 19 қадам арналып отыр. Олардың қатарында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту сияқты маңызды міндеттер бар.

Ербол Дүйсенбаев, облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық сотының судьясы