Байзақ аудандық сотында үш буынды сот жүйесіне көшу тақырыбында «Дөңгелек үстел» // 29.07.2015 ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Бүгін Байзақ аудандық сотында судья Е.М.Аккулиевтің төрағалығымен «Үш буынды сот жүйесіне көшу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс – шараға судьялар, Байзақ АІІБ қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша үш буынды сот жүйесіне көшу мәселелері талқыға салынды.

- Бүгінде заң үстемдігін және әділ соттың азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін сот жүйесінің реформасы жоспарлануда. Негізгі бағыттардың бірі - бес буынды сот жүйесінен үш буындыға көшу. Бұл бірінші кезекте, дауларды жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұдан бұрын талап арыз бірінші истанцияда, сосын апелляциялық, сосын облыстық соттың апелляциялық, кассациялық, сосын Жоғарғы соттың қадағалау алқаларына  беріліп, қаралатын болса, енді жаңа реформаға сәйкес кез келген дау қысқа мерзімде өзінің соңғы шешімін табатын болады. Сондай-ақ, сот жүйесінде кадр іріктеу қатаң тәртіппен жүзеге асырылатын болады. Бұрын судья болу құқығы 25 жастан басталса, қазір оны 30 жасқа өзгерту жоспарлануда. Үміткер бір жыл тағылымдамадан, сынақ мерзімінен өтеді, - деп Е.М.Аккулиев айтып өтті.