"Айқын мақсат ашықтықты көздейді" Шу аудандық сотының төрағасы М. Мыстаевтың "Шу өңірі" газетіндегі мақаласы № 69 15.08.2015 ж.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған ұлт жоспары бес институциалдық реформасы қазіргі заманғы мемлекет құрудың, жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы күресудің, экономикалық дамудың, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына енуіне жол бастаудың нақты жоспары болып табылады. Бұл бағдарлама – айқын мақсаттың үлкен белгісі, еліміздің жарқын болашағының кепілі. Мемлекет басшысы қадап айтқандай, «Біздің алдымызда тәуелсіз­дік­ті қорғау, татулықты сақтау, тұ­рақтылықты орнықтыру сияқты аса күрделі тарихи істер тұр. Тәуелсіздігімізді тұ­ғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету – біздің ортақ мүддеміз». Осы идея біздің жүзеге асыруға тиіс 100 қадам реформасында көзделіп, барлық салаға халықаралық тәжірбиені енгізудің жобасы нақты көрсетілген.

Жоспардың негізіне бес институционалдық реформа кіреді: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік және бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

Бірінші бөлімде мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімін жаңғырту, мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы айтылады. Осыған байланысты бірқатар заң жобалары әзірленіп, қабылданады, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте жемқорлыққа қарсы арнайы бөлімше құрылады және қызметтегі мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттау жүргізіледі. Бұған қоса, бұл саладағы өзгерістер мемлекеттік қызметке шетелдік менеджерлерді, жеке сектордың мамандарын және халықаралық ұйымдарда қызмет ететін Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді.

Екінші бөлім қолданыстағы бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, аппеляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, аппеляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне өту қарастырылған.  Соттарды іріктеу тетіктері жаңарады. Болашақ судьялардың салада кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы талап етіледі, біліктілік талаптары қатайтылады. Жоғары сотта инвестициялық алқа құрылады. Бұл шаралар әділ сот төрелігін қарапайым халыққа да, инвесторлар мен бизнес үшін де қолжетімді етеді.

Үшінші бөлімге сәйкес, Қазақстанның ауыл шаруашылық секторына стратегиялық инвесторларды жұмылдыру, сондай-ақ нарық айналымына шаруашылыққа арналған жерлерді енгізуден бастап, олардың мақсатты арналуын ауыстыруға дейінгі ресімдерді қарапайым етуге дейінгі бірқатар өзгерістерді іске асыру жоспарланып отыр. Бұған қоса, импортшыларға үздіксіз салық салуды қамтамасыз ету мақсатында кеден және салық жүйесі біріктіріледі.

Төртінші барша отандастары­мыз­дың біртектілігін нығайтып, азаматтық қоғамның тұтастығын қалыптастыруға жағ­дай туғызады. Бұл бағыттағы нақты қадам­ға «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Менің елім» ұлттық жобасы, Қазақстан Хал­қы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасы және т.б. жа­та­ды.

Бесінші бөлім есеп беретін мемлекетті құруды меңзейді. Мемлекеттік органдардың жетекшілері жыл сайын өз ведомстволарының жетістіктері туралы есеп беретін болады. Сонымен қатар барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп жарияланатын болады.

Елбасының сот саласына қатысты жүргізіп отырған рефор­малары заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғ­ан  маңызды    қадам­дарды айқын­дайды. Атап айтқанда, 11 қадам – соттардың қызметіне тікелей қатысты, сондай-ақ, барлық сот процестеріне аудио­бейне тіркеу жүйесін енгізу  туралы  айтылды.

Бүгінгі күні Шу аудандық сотында сот процестерінің барлығы дерлік бейне және үнтаспаға жазылу­ арқылы өтеді. Бұл – Елбасы айқындаған қадамдағы жемқор­лыққа қарсы күресті күшейтуге үлес қосып, соттағы ашық­тықты одан әрі дамытудың бір негізі. Ашықтық бар жерде халықтың сотқа деген оң көзқарасы одан әрі қалыптасады.

Сонымен қатар, судья лауазымына кан­дидат­тар­ды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайтуға ерекше мән беріліп, сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі міндеттелді. Енді судьялыққа үміт­керлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымда­мадан және одан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді. Сондай-ақ, судьялардың есеп беру тәртібі күшейтіліп, судья­лыққа кандидаттардың кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеретін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу қарастырылып отыр.

Аталмыш құжатта айыптаушы мен қорғаушы жақтар арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету барысында азаматтардың құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттіктер біртіндеп тергеу судьясының құзыретіне беріл­уi қамтылды. Сот төрелігі инсти­туты мемлекеттік басқару академиясынан бөлініп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанында қызмет атқарады. Сонымен қатар, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізу қадамы іске асырылатын болса, еліміздің Жоғарғы Сотында ірі инвес­торлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқа өз жұмысын бастамақ.

Ұлт көшбасшысы судьялардың есеп беру тәртібін күшейту мақсатында судьялардың жаңа этикалық кодексін жасауды тапсырды. Кодек­сте азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғар­ғы Сотының жанынан құрыл­ған арнайы сот алқасына шағым­дана  алады. Бұл  өз  кезе­гінде  сот әділдігіне қол жеткізудегі ашықтықты көздейді. Сот жүйесі­нің ашықтығы мен жариялылығы азаматтардың сот билігіне деген сенімінің артуына септігін тигізіп отыр.

Елбасымыз «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам мемлекетті жаңғырту жолындағы бағдарлама ретінде жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы күресуге жұмылдыратын әрі еліміздің әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығы қатарына қосылуына жол бастайтын қауқары зор маңызды құжат»,-деп атап көрсетті.

Соттың халық алдындағы беделін күшей­туге, халықтың сотқа деген сенімін ұлғайтуға  бағытталған  жұмыстарды атқару және 100 қадамда көрсе­тілген талаптарды қолдап, оны орындау – біздің басты міндетіміз.

Мақаланың көшірмесі