Архив событий

28/04/2016

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосынан эфирге шықты

28/04/2016

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.Қожантаева облыстық «Қазақстан-Тараз» радиосына «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процесстік кодексі» тақырыбында сұхбат берді. Эфир барысында судья Г.Қожантаева қазіргі кодекс бірінші сатыдағы, жоғарғы тұрған сот сатыларындағы сот актілеріне шағым келтіру бойынша, белгіленген санаттағы істер бойынша сот жүргізуді оңайлатылған рәсіммен жүргізу бойынша, заңнамалардағы талаптарды сақтай отырып, тұлғаның білікті заң көмегіне құқығы туралы үлкен жаңашылдықтарымен ерекшеленетінін атап өтті. Азаматтық істер бойынша өкіл ретінде кімдер қатысатындығы туралы сұрақтар бойынша түбегейлі өзгерістер болғанын айтты.