Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік заңнамасына енгізілген өзгерістер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 03.07.2017 жылғы  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру және талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасының м.а. Қ.Үсембаева, судьялар Д.Мәуленов, Д.Дуанбеков, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры А.Жұмабеков, Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары М.Алтаев, Тараз қаласы ІІБ ЖППБ бастығының орынбасары Д.Джангабылов, Тараз қаласы ІІБ 2-ші полиция бөлімінің ЖПҚ бастығының м.а. М.Даулеткулов, Тараз қаласы ІІБ 1-ші полиция бөлімінің ЖПҚ бастығының орынбасары Б.Мейірбеков, Тараз қаласы ІІБ ЖППБ рота командирі Б.Байжанов, Тараз қаласы ІІБ ЖППБ рота командирі  А.Бейназаров, Тараз қаласы ІІБ ЖППБ взвод командирі Е.Жакай қатысты.
Дөңгелек үстелді ашып, Қ.Үсембаева осы Заңмен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне (әрі қарай мәтін бойынша ҚР ӘҚБтК) еңгізілген өзгерістерді атап өтті. Басты назар ҚР ӘҚБтК-не енгізілген 73-1 және 73-2 бабтарына аударылды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелде уәкілетті тұлғалармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ҚР ӘҚБтК-нің 803-бабының талаптарына сай толтыру міндеттілігі сөз болды, іс рәсімдеудегі кемшіліктер талқыланды.  
Іс шара соңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша басқа да сұрақтарды талқылап, өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі