Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында АБЖ жүйесінің жаңа электрондық порталы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кеңсе меңгерушісі Б.Джунусов және сот отырысының хатшыларының қатысуымен «Аудио-бейнежазба жүйесінің электрондық порталы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.                    
Кеңсе меңгерушісі Б.Джунусов өз баяндамасында, қатысушылардың назарына ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен аудио-бейнежазба жүйесін қолдану пайызын автоматты түрде құратын АБЖ жүйесінің жаңа электрондық порталы іске қосылғанын жеткізді.
Сонымен қатар, Б.Джунусов бұл портал қолдану пайызын, уақтылы басталмаған процестердің санын және АБЖ жүйесінің электрондық порталының басқа да параметрлерін көруге және тексеруге мүмкіндік беретінін айтып берді.
Семинар сабағының соңында АБЖ жүйесінің жаңа электрондық порталын қолдануы көрсетілді.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі