Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі және Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
04/09/2017
Бүгін Соттар әкімшісінің бастамасымен Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов тұлғасында және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Данияр Медетбеков арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды