Қаңтар оқиғасына қатысты үкім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының №2 сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысу, билік өкілдерінің заңды талаптарына белсенді түрде  бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру мен арандату, оқ-дәрілерді жымқыру, жарақат салатын патрондар және оқ-дәрілерді заңсыз алып, жүру, беру, сақтау, қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша (ҚК 272-бабының 2 және 3-бөліктерімен, 291-бабының 1-бөлігімен, 287-бабының 2,3-бөліктерімен, 188-бабы 3-бөлігінің 3)-тармағымен) айыпталған 6 сотталушыға қатысты қылмыстық іс келісімдік іс жүргізуде қаралды.
 
Сотпен не анықталды:
2022 жылы қаңтар айының 05-нен 06-на қараған түні А., О. және Т. Тараз қаласында күш қолданумен, қиратумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан, сондай-ақ Т. оқ-дәрілерді заңсыз алып жүру, беру жасаған. Өз кезегінде Қ. билік өкілдерінің заңды талаптарына белсенді түрде  бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру мен арандатуды жасаған. Н. жаппай тәртіпсіздіктердің болып жатқанын пайдаланып, қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған, оқ-дәрілерді жымқырған, оқ-дәрілерді заңсыз алып жүріп, сақтаған. Ал С. болса оқ-дәрілерді жымқырып, жарақат салатын патрондар мен оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрген.
 
Тараптардың позициясы:
Іс сотқа процестік келісіммен түсті.
Прокурор – түпкілікті сотталушылар А., О. және Т.-ға әрқайсысына 4 жыл мерзімге, Қ.-ге 1 жыл 6 ай мерзімге,  Н.-ге 3 жыл 6 ай мерзімге, С.-ге түпкілікті 3 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындауды, олардың ішінде А., О., Қ., Т., Н.-ге ҚК-нің 63-бабына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасын шартты деп санауды және барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгілеуді сұрады.  Ал С.-ге 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуге белгілеуді сұрады.
А., О., Қ., Т., Н., С. кінәларын мойындады және процестік келісімді толық қолдады.
Сотталушылардың адвокаттары кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімді толық қолдады.
 
Дәлелдемелер бойынша:
Сотталушылар іс бойынша жиналған дәлелдемелердiң қатыстылығы мен жол берілетіндігіне дау келтірмеді.
 
Сот шешімі:
А., О., Т., Н., Қ., С.-ның жасаған әрекеттері ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар санатына жатады және оларды жасағаны үшін 3 жылға және 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаза тағайындау кезінде, сот, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушылардың шын жүректен өкінулерін таныды, ал ауырлататын мән-жай ретінде төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауларын таныды.
Жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сондай-ақ процестік келісімнің шарттарына сәйкес, А., О. және Т.-ға 4 жылдан, Қ.-ге 1 жыл 6 ай, Н.-ге  3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы, түпкілікті пробациялық бақылау белгілене отырып, әрқайсысына тағайындалған жаза шартты түрде  саналған. Ал С.-ға 3 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы орташа қауіпсіз мекемеде өтеуге тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі.