«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі тақырыбында семинар өтті. Семинарға «Халыққа қызмет көрсету» орталығының өкілі Әріб Л.  және сот қызметкерлері қатысты.
Бас маман Е.Қыдырәлі  өз баяндамасында сот ісін жүргізуді оңтайландыру мақсатында, қолжетімділікті арттыру, сот төрелігінің ашықтығы мен айқындығы, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын сот арқылы қорғауына ыңғайлы болу үшін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті «Сот кабинеті» сервисін жүзеге асырғанын көрсетті.
Ол «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сотқа пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжаттарды ұсынуға құқылы екендігін, ол үшін «Сот кабинеті» сервисінде электронды  цифрлы қолтаңбаны пайдаланып тіркеу қажеттігін атады.
Семинар сабағының соңында мамандар тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, туындаған сұрақтарын талқылады.
 
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі