Бс, 27/07/2017 - 19:13
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Бексұлтанова «Қазақстан-Тараз» облыстық радиосына «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыбында сұхбат берді.
Өз мәлімдемесінде А.Бексұлтанова Жоғарғы Сотттың басшылығынан «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» қарарын іске асыру үшін жоспары орындау үшін жолданғанын айтты.
А.Бексултанова Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі- ол ұлттық мәдениетті сақтау, халықтың сауаттылығын арттыру (білімін), болашаққа деген факторлық іргетасы қалыптастыру, өзге тілдерді жетік меңгеру, патриот болу, туған жердің мәдениеті мен салт –дәстүріне деген жақсы қарым-қатынаста болу ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталып өтті.
Одан да басқа, Қазақстан Республикасы судьяларының сот жүйесіндегі рөлі мағыналы екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ, өз мәлімдемесінде 2017 жылдың жартыжылдығында қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтер айтылды.
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі