жм, 28/07/2017 - 14:29
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында судья А.Дауренбеков Жамбыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Қазкенов, бас маман - сот мәжілісінің хатшылары Т.Коркомозовтың, Б.Исаевтың, М.Егембердінің, жетекші мамандары Н.Садыкованың, Н.Мамырбековтың, Ш.Сейтказиеваның, А.Нуралиеваның және бас маман аға сот приставы Ж.Имашевтың қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлық - ел беделіне нұқсан» тақырыбында семинар сабақ өткізді.
Іс-шарада А.Дауренбеков баяндама жасап, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша айтып өтті. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп - қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың мемлекеттiк органдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті.
Сондай-ақ, А.Дауренбеков мемлекеттік органдардың әр қызметкерлері қызметтерін реттейтін барлық заңнамасы мен нормативті құқықтық актілердің талаптарын орындап қана қоймай, сондай-ақ, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында қажетті шаралар өздігінен қабылдау керектігін атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі